Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкімдік Алматыда тағы да қар жауатынын ескертті

Опубликовано:

Қар жауып тұр
Қар жауып тұрған сәт. Көрнекі сурет: Cem Genco/Getty Images

Алматыда ауа райы нашарлап, коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік өкілдерінің "Қазгидромет" РМК болжамына сілтеме жасап хабарлауынша, 14 наурызда сағат 16.00-ден 15 наурыз сағат 04.00-ге дейін Алматы қаласында қалыңдығы 8-10 см қар аралас жауын-шашын болады.

"Қала бойынша жайлы қозғалысты қамтамасыз ету үшін коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Күндізгі уақытта қар тазалау жұмыстарына 463 техника, 18 мотопомпалар және 1012 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 89 арнайы техника мен 320 жұмысшының күшімен көлденең арық желілерін тазарту жұмыстары аяқталып жатыр.

14 наурызда түнгі уақытта 320 м3 қар шығарылды. Қысқы кезеңде барлығы 367,3 мың м3 қар шығарылды", - деп хабарлады Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасынан.

Ведостводағылар қардың көп жаууына, жолдың нашар көрінуі және жолдардағы көктайғаққа байланысты автокөлік жүргізушілерінен жылдамдықты азайтуды, тежеуішті бірден баспауды, қашықтық, маневр жасау ережелерін сақтауды сұрады.

"Жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты көліктерді жол жиегіне қоймауға кеңес берілді. Жаяу жүргіншілер тротуарлармен жүру кезінде абай болулары тиіс, белгіленген жерлерде көшелерді кесіп өту керек", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2068227-akimdik-almatyda-tagy-da-qar-zauatynyn-eskertti/

pixel