Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайы ауа райы қолайсыздығына байланысты жабылды

Опубликовано:

Алматы әуежайы
Алматы әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы әуежайы ауа райына байланысты келушілер үшін жабылды. Бүгін оңтүстік астанада ауа райы күрт нашарлап, қар жауа бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы халықаралық әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты мұзданып қалуға қарсы жұмыстарды жүргізу уақытша мүмкін болмай тұрғанын хабарлады. Алматыдан ұшулар ауа райы жақсармайынша тоқтатылды", - деп хабарлады әуежайдан.

Сондай-ақ жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-ден бастап Алматы әуежайы келушілер үшін жабылатыны хабарланды.

Алматы халықаралық әуежайы ауа райы жақсара салысымен жұмысын жалғастырады.

Айта кетейік, синоптиктер алматылықтарға қар жауатынын ескертті. Бұған дейін қалада наурыздың 13-і мен 15-і аралығында үш күндік қар жауады деп болжанған болатын.

Бүгін Алматы әкімдігі ауа райының нашарлауына байланысты коммуналдық қызметтердің күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін атап өтті.

Қар 15 наурызда таңғы сағат 4-ке дейін жалғасады, қалыңдығы 8-10 см қар жауады деп күтілуде.

Оңтүстік астананың ТЖД Алматы тұрғындарына үндеу жолдады: құтқарушылар қалада басталған қалың қарға байланысты азаматтарды көліктерін ағаштардың астына қоймауды сұрайды.

Алматыда бүгін, яғни 14 наурыз күні қатты кептеліс туындағанын да жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2068527-almaty-auezaiy-aua-raiy-qolaisyzdygyna-bailanysty-zabyldy/

pixel