Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайында рейстерге байланысты қазіргі жағдай мәлім болды

Опубликовано:

әуежай
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін ауа райының нашарлауына байланысты Алматы әуежайында ұшақтардың ұшып келуіне және ұшып кетуіне шектеу енгізілген еді. Әуе айлағының баспасөз қызметі қазір жағдай сәл өзгергенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Алматы халықаралық әуежайы ауа райы тұрақталып келе жатқанын хабарлайды. Ұшу және ұшып кету бойынша рейстерге қызмет көрсету жұмыстары қайта жанданды", - деп хабарлады Алматы әуежайының баспасөз қызметі.

Бұған дейін ауа райы қолайсыздығына байланысты Алматы әуежайы уақытша жабылғанын жазған едік.

Сондай-ақ қалада кешкісін ауа райы күрт нашарлап, қар жауа бастады. Соның салдарынан қатты кептеліс байқалды.

Айта кетейік, синоптиктер қалада наурыздың 13-і мен 15-і аралығында үш күн қар жауады деп болжанып отырғанын ескерткен.

Бүгін Алматы әкімдігі ауа райының нашарлауына байланысты коммуналдық қызметтердің күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін атап өтті.

Синоптиктердің болжамынша, қалада 15 наурыз таңғы сағат 4-ке дейін қар жауады, қалыңдығы 8-10 см жетеді деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2068575-almaty-auezaiyndagy-qazirgi-zagdai-malim-boldy/

pixel