Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барлық техника жұмылдырылды": Алматы әуежайының өкілдері жолаушылар шағымына жауап берді

Опубликовано:

Әуежай
Ұшақ. Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Әлеуметтік желіде Алматыға ұшып келген жолаушылар ұшақта бірнеше сағат отырғанын айтып шағымдануда. Әуежай өкілдері жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды әуе айлағының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы халықаралық әуежайы өкілдерінің хабарлауынша, ауа райының күрт бұзылуына байланысты рейстер кешіктірілген. Жағдай тұрақталғаннан кейін әуежай әуекемелеріне кезек ретімен мұз басуға қарсы техикамен қызмет көрсетуді жандандырған.

"Жұмысқа барлық арнайы техника мен ауысымның күшейтілген жеке құрамы жұмылдырылды. Біріншіден, бұрын кешіктірілген рейстерге деайсинг процедурасы жүргізілгендіктен, келген ұшақтар тұрақ орындарының босатылуын күтіп тұрды.

Жұмысқа барлық жолаушы басқышы жұмылдырылғанын хабарлаймыз. Басқыштың жеткіліксіздігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", – делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, Алматыда 13 наурыз кештен бүгін таңға дейін қалың қар жауды. Кеше түстен бастап таңғы 5-ке дейін мегаполисте 15 сантиметрге дейін қар түскен. Әкімдік өкілі қолайсыз ауа райы салдарымен қалай күресіп жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2068788-barlyq-texnika-zumyldyryldy-almaty-auezaiynyn-okilderi-zolausylar-sagymyna-zauap-berdi/

pixel