Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз": Алматы әкімінің орынбасары үндеу жасады

Опубликовано:

Әлішер Әбдіқадыров
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров видеоүндеу арқылы қалада қар күреу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтып, қалалықтардан күн райының қолайсыздығына байланысты қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауды сұрады. Бұл жөнінде ведомствоның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды

"Құрматті алматылықтар, өздеріңіз білетіндей бүгін қаламызда қалың қар жауды.

Қазіргі таңда көшелерге 367 арнайы техника, 11 колонна шықты. Көктайғаққа қарсы 400 тоннадан астам материал себілді. Алаңдар, жолжиектері, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар тазаланып жатыр. Тәулік бойы жұмыс істеп жатырмыз.

Түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз", – деді әкімнің орынбарасы.

Айта кетейік, қалада бүгін кешкісін ауа райы күрт нашарлап, қар жауа бастады. Соның салдарынан қатты кептеліс байқалды.

Бұған қоса қалада қалың қар жауғандықтан Алматы әуежайы уақытша жабылғанын жазған едік. Әуежайдың баспасөз қызметі түнде ұшу және ұшып кету бойынша рейстерге қызмет көрсету жұмыстары қайта жанданғанын мәлімдеді.

Еске салсақ, синоптиктер қалада наурыздың 13-і мен 15-і аралығында үш күн қар жауады деп болжанғанын ескерткен.

Бүгін Алматы әкімдігі ауа райының нашарлауына байланысты коммуналдық қызметтердің күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін атап өтті.

Синоптиктердің болжамынша, қалада 15 наурыз таңғы сағат 4-ке дейін қар жауады, қалыңдығы 8-10 см жетеді деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2068593-tusinistikpen-qarauynyzdy-suraimyz-almaty-akiminin-orynbasary-qala-turgyndaryna-undeu-zasady/

pixel