Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыға ұшатын рейстер жаппай кешіктірілді: FlyArystan мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Әуежай
Әуежай. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

FlyArystan әуекомпаниясы Алматыға ұшатын рейстердің кешігуіне байланысты мәлімдеме жасадыү Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

FlyArsytan 14 наурызда жауған қалың қарға байланысты бірқатар рейс 15 наурызға шегерілгенін хабарлайды. Осыған байланысты Алматыға рейстердің кешігуі және тоқтатылуы жалғасуда. Өйткені жерде қызмет көрсету және әуекемелерін мұздан тазарту қызметіне қосымша жүктеме түскен.

Кешіктірілген рейстердің жолаушыларына сусындар мен тамақ, сондай-ақ рейстің кешігу уақытына байланысты қонақ үйде тұру қамтамасыз етіледі.

Әуекомпаниясының өкілдері әуежайда болып, жолаушыларға барлық қажетті қолдау көрсетуде.

FlyArystan рейс жолаушыларына What`s App және билетті сатып алу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайы арқылы ақпарат беруде. Сондай-ақ компания брондау кезінде істеп тұрған абонент нөмірі мен электрондық пошта мекенжайын көрсетуді, FlyArystan қолданбасында мен FlyArystan.com сайтында ағымдағы рейс мәртебесін тексеруді сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2068860-almatyga-usatyn-reister-zappai-kesiktirildi-flyarystan-malimdeme-zasady/

pixel