jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматы облысындағы Талғар қаласының шекарасы кеңейтілуі мүмкін

Талғар
Талғар. Фото: Colobus/Getty Images

Алматы облысында Талғар қаласының шекарасын ұлғайту ұсынылды. Тиісті құжат жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сайтта жарияланған ақпаратқа сүйенсек, қаланың шекарасын кеңейтуді Талғар аудандық мәслихаты ұсынған.

Атап айтқанда, Талғар қаласының шекарасын жалпы ауданы 853,1245 гектар болатын Кеңдала және Алатау ауылдық округтерінің кейбір жерлерін қоса отырып өзгерту ұсынылған.

"Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 ақпандағы "Талғар ауданының елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы" шешімі және Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында тіркелген.

Нормативтік құқықтық актіге сәйкес Ақдала ауылының шекаралары 29,9947 гектарға азайып, жалпы ауданы 705,433 гектар болатын Ақдала ауылының жаңа шекараларын белгіледі", – делінген құжат жобасында.

Бұған қоса құжатта Кендала ауылының жаңа шекарасы 59,2225 гектарға қысқарғаны, Талғар қаласының шекарасы 853,1245 гектарға өзгеріп, жалпы ауданы 3268,7500 гектар болып белгіленгені жазылған.

Құжат жобасы бүгін жарияланды, ал қоғам болып талқылау 2024 жылғы 3 сәуірге дейін созылады.

Алматы облысындағы Талғар қаласының шекарасы кеңейтілуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.