Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайындағы қазіргі жағдай қалай: Азаматтық авиация комитеті мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Әуежай
Әуежай. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

14 наурызда толассыз жауған қар салдарынан Алматы әуежайында тағы ондаған рейс кешігіп жатыр. Бұл ұшу кестесінің өзгеруіне әсер еткен, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, 14-15 наурызда Алматы қаласының әуежайында ауа райының күрт нашарлауына (қардың көп түсуіне) байланысты бірқатар халықаралық және ішкі рейс кешіккен және тоқтаған.

"15 наурыз сағат 17.00-дегі мәлімет бойынша Алматы әуежайында 32 рейс кешігіп жатыр. Оның 14-і ұшып келу, 18-і ұшып шығу уақытынан кешігіп жатыр. Кешігудің негізгі себебі – 2024 жылғы 14 наурыздағы ауа райының қолайсыздығына байланысты, соған сәйкес рейстер кестесі өзгерді", - делінген хабарламада.

Комитет өкілдері 16 наурыз сағат 04:00-ге дейін ұшу кестесі толығымен қалпына келтірілетінін мәлім етті.

Еске сала кетейік, 14 наурызда түстен кейін басталған қалың қарға байланысты Алматы әуежайы сағат 19:00-ден бастап ұшақтарды қабылдауды уақытша тоқтатқан еді. Әуежай жұмысы кешкі сағат 22.00-де қайта жанданды.

Сонымен қатар Алматы әуежайының өкілдері жолаушылар шағымына жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2069241-almaty-auezaiyndagy-qazirgi-zagdai-qalai-azamattyq-aviaciya-komiteti-malimdeme-zasady/

pixel