Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ұсынған жаңа бағдарлама бойынша баспана кімдерге бұйырмақ

Опубликовано:

Құрылыс алаңы
Құрылыс алаңы. Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғалы отыр, оған 300 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, үкімет кезекте тұрғандар, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй көлемін 4 есе ұлғайтуды жоспарлап отыр.

"Ол үшін қосымша 272 млрд теңге бөлінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Отбасы банкімен бірлесіп, 300 млрд теңге сомасына ипотекалық қарыздар беретін жаңа бағдарлама іске қосылады.

Жаңа бағдарламаға жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, банк салымшылары, моноқалалардың, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары, оның ішінде ақша жинау бойынша міндеттемесі жоқ тұрғын үй кезегінде тұрғандар қатыса алады", – делінген хабарламада.

Бірінші жылы жаңа бағдарлама есебінен қосымша 12 мың мұқтаж отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған.

Ведомство өкілдері жалпы биыл рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үй салынатынын, бұл жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2069940-toqaev-usyngan-zana-bagdarlama-boiynsa-kimder-baspana-ala-alatyny-malim-boldy/

pixel