Қайрат Боранбаевқа 679 млн теңге қайтарылмақ
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев апелляциялық сотта жеңіске жетіп, оған 679 миллион теңгеден астам ақшаны қайтару туралы шешім шығарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жоғарғы сотқа сілтеме жасап хабарлайды.
Сот кабинетіндегі іс материалдары бойынша Боранбаевтың 2021 жылы Астанада жеке тұрғын үй құрылысын салуға мердігер ұйыммен келісім-шарт жасасқаны айтылады. Алайда кәсіпкер келісім-шарт талаптарын бұзып, 679 035 008,63 теңгені өндіріп алу туралы сотқа жүгінуге мәжбүр болған.
Талапкер сапасыз жұмысты, жұмыс кестесінен кешіккенін, сондай-ақ талап қоюшы шұғыл ұйымдастыру-техникалық шараларды қабылдау қажеттілігі туралы бірнеше рет жолданған хабарлама жолдаса да, жауапкер тиісті әрекет жасамаған.
Іс матераилдарына сәйкес кәсіпкер 170 миллион теңгеден астам сомаға атқарылған жұмысты жарамды деп тануды, сондай-ақ Боранбаевты 100 млн теңге көлемінде тауарлық-материалдық заттар мен 73,9 мың еуро шамдарды қабылдауға міндеттеп қарсы талап арыз берген.
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының 2023 жылғы 9 қарашадағы шешімімен Боранбаевтың талап арызы қанағаттандырылды. Сот құрылыс келісімшартын бұзу, мердігерден Боранбаевтың пайдасына 679 млн теңге сомасын және мемлекеттік бажды төлеуге кеткен 6 793 414 теңге шығынды өндіру туралы шешім қабылдады.
Мердігердің қарсы талап арызы қанағаттандырылмады, кейін компания өкілдері апелляциялық шағым түсіріп, онда сот шешімін бұзуды және істі басқа құраммен бірінші саты бойынша сот талқылауына жіберуді сұрады.
Алайда Алматы қалалық соты Медеу аудандық соты шешімді өзгеріссіз қалдырып, мердігердің шағымы қанағаттандырылмады.
Қайрат Боранбаев ісі
Еске салайық, биыл қарашада қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты. Ол мемлекет мүлкін жымқырды деген айыппен 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда 20 қазанда оның жазасы жеңілдетілгені белгілі болды. Сотта жазаның өтелмеген бөлігі бостандықты шектеуге ауыстырылды деп хабарланды. Сот жазаны ауыстыру кезінде мынадай мән-жайларды ескергені айтылған. Биылғы наурызда Қайрат Боранбаевқа үкім шығарылған кезде сот одан мемлекет кірісіне мынадай активтерді тәркілеген еді:
- Esentai mall СОСО мен Алматыдағы Esentai Tower бизнес-орталығы арасындағы құны 686 млн теңге болатын екі қабатты коммерциялық ғимарат;
- Halyk bank шотына салынған 1,3 млрд теңге;
- Halyk bank шотына салынған 5,7 млн доллар (2,7 млрд теңге);
- Halyk bank шотындағы 1,17 млн доллар (560 млн теңге);
- Halyk bank шотындағы 756 млн теңге;
- Halyk bank шотындағы 193 млн теңге.
Сондай-ақ кәсіпкер табиғи газ импорты кезінде қаражатты ұрлау фактісі бойынша тергеу аясында 14,5 млрд теңге көлеміндегі материалдық залалды өтеген. Үкім шығар алдында Боранбаев 90 млрд теңге тұратын активтерді мемлекетке ерікті түрде берген. Олардың ішінде:
- 2,6 миллион тонна мұнай қоры бар 143 ұңғыманы және бағалау құны 35,4 млрд теңге болатын 13,2 млн текше метр газ қоры бар "Қаражанбас Северный" мұнай кен орны;
- Нарықтық құны шамамен 14 млрд теңге болатын тауардық газды тасымалдаумен және өткізумен айналысатын "Азия газ Чунджа" газ тарату компаниясы;
- Құны 9 миллиард теңгеден асатын "ҚазТурбоРемонт сервистік орталығы" мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты;
- Астана орталығындағы құны 1,4 млрд-тан асатын 4 жұлдызды қонақүй;
- "Алмалы" сауда және ойын-сауық кешені, Fitnation фитнес-орталықтарының желісі және Almaty towers бизнес-орталығындағы кеңсе бөлмелері (жалпы құны 33,8 млрд теңге) бар.
Ал былтырғы 22 желтоқсанда Астана әкімі Жеңіс Қасымбек баспасөз мәслихатында кәсіпкер Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне өткізген активтер туралы айтып берген. Қала әкімі Астананың меншігіне тек "Comfort отель" қонақүйі берілетінін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2069994-qairat-boranbaevqa-679-mln-tenge-qaitarylmaq/