Алматы облысында үйінен шығып кеткен үш жасар бүлдіршін іздестіріліп жатыр
Жарияланған күні:
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында үш жастағы қыз іздестіріліп жатыр. Бүлдіршін 17 наурызда сағат 16:00 шамасында Күш ауылындағы Қарашеңгел аңшылық шаруашылығындағы үйінен шығып кетіп сол күйі оралмаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Lider.kz еріктілер тобы Instagram-дағы парақшасында жоғалған Айя София Молгачеваны сипаттап жазды.
"Бойы – 100-105 см, арықша келген, шашы қара әрі ұзын, қой көзді. Үстіне ақ жолақты капюшоны бар қызғылт күртеше, сұр көйлек, аяғына қызғылт етік киген", - деп сипаттайды бүлдіршінді еріктілер.
Аудандық полиция басқармасына бүлдіршіннің ата-анасы жүгінген.
"Аталған дерек дереу аудандық полицияда тіркелді. Алматы облысы полиция департаменті бастығының жеке нұсқауы бойынша жылдам қимылдайтын арнайы жасақ, кинологтар, ЖПҚБ қызметкерлері мен жедел блоктан арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазіргі уақытта арнайы дайындалған иттерді қолдана отырып, кең ауқымды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі.
Еріктілер тобы үш жасар Айя Софияны көрген-білгендер болса +77013759291, +77051053131, +77003050525 телефон нөмірлері/WhatsApp бойынша хабарласуды сұрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2070030-almaty-oblysynda-us-zasar-buldirsin-uiinen-sygyp-ketip-oralmai-zatyr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.