Балаларға ораза ұстауға бола ма: денсаулық сақтау министрінің жауабы
Жарияланған күні:
Мәжіліс кулуарында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балаларға ораза ұстауға бола ма деген сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Баланың организмі өте тез өседі, оның энергия шығыны мен зат алмасуы өте жоғары. Сондықтан, әрине, оның бөлетін энергиясын уақытылы толықтырып отыру керек.
Мұны әрбір ата-ана түсінуі керек. Уақытылы, сапалы, теңгерімді тамақтану баланың денсаулығы мен дамуы үшін өте маңызды.
Бұл жерде, менің ойымша, жас ерекшелігіне қарай бәрі жеке қарастырылады. Егер ата-ана баласына рұқсат берсе, бұл – ата-ананың шешімі. Бірақ белгілі бір жасқа жеткенше бала құнарлы тамақ ішуі керек", – деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Ол "белгілі бір жасқа дейін" дегені – баланың денесі толық қалыптасып болатын 16-17 жас екенін айтты.
Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы балаларға ораза ұстау міндет пе деген сұраққа жауап берген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2070210-balalarga-oraza-ustauga-bola-ma-densaulyq-saqtau-ministrinin-zauaby/