jitsu gif branding logo appbranding logo app

Балаларға ораза ұстауға бола ма: денсаулық сақтау министрінің жауабы

Асхана
Асхана. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мәжіліс кулуарында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балаларға ораза ұстауға бола ма деген сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Баланың организмі өте тез өседі, оның энергия шығыны мен зат алмасуы өте жоғары. Сондықтан, әрине, оның бөлетін энергиясын уақытылы толықтырып отыру керек.

Мұны әрбір ата-ана түсінуі керек. Уақытылы, сапалы, теңгерімді тамақтану баланың денсаулығы мен дамуы үшін өте маңызды.

Бұл жерде, менің ойымша, жас ерекшелігіне қарай бәрі жеке қарастырылады. Егер ата-ана баласына рұқсат берсе, бұл ата-ананың шешімі. Бірақ белгілі бір жасқа жеткенше бала құнарлы тамақ ішуі керек", – деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Ол "белгілі бір жасқа дейін" дегені баланың денесі толық қалыптасып болатын 16-17 жас екенін айтты.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы балаларға ораза ұстау міндет пе деген сұраққа жауап берген болатын.

Свежая публикация по теме:
Рамазан айында қандай дұғалар оқу керек
Балаларға ораза ұстауға бола ма: денсаулық сақтау министрінің жауабы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.