jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда қай қалалар өз мәртебесін жоғалтуы мүмкін

Далалы жер
Далалы жер. Көрнекі сурет: Getty images

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов министрлер кабинетінде өткен брифингте қай қалалар өз мәртебесін жоғалтуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бауыржан Құдайбергеновтің айтуынша, Қазақстанда 10 мыңнан аз тұрғын мекен ететін 13 қала бар.

"Бұл Шар, Қазалы және басқа да қалалар. Тәртібі бірдей – мәртебені өзгерту мәселесін мәслихат пен әкімдік тұрғындармен бірлесіп шешуі керек", – деді ол.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Қазақстанда 7,6 миллион адам тұратын 6 256 ауылды елді мекен бар екенін, бұл ел халқының 38,4 пайызына тең екенін мәлімдеген еді.

Ол сондай-ақ бүгінгі үкімет отырысында Қазақстанда қанша ауыл қала мәртебесін алуы мүмкін екенін айтты.

Сонымен қатар Қазақстанда жаңа қалалар пайда болып жатқанын айта кеткен жөн. Мысалы, 2020 жылғы қаңтарда Қостанай облысында Тобыл қаласы пайда болды.

2021 жылдың жазында Ақмола облысындағы Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала атанды.

2022 жылдың мамыр айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.

Ал осы жылдың қаңтарында Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылып, атауы Алатау қаласы болып өзгертілді.

Қазақстанда қай қалалар өз мәртебесін жоғалтуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.