jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қостанайға бағыт алған ұшақ Астанаға қайтуға мәжбүр болды

Fly Arystan ұшағы
Fly Arystan ұшағы. Көрнекі фото: flyarystan.ru

FlyArystan әуекомпаниясының "Астана - Қостанай" бағытында ұшып шыққан рейсі көп ұзамай елорда әуежайына оралды. Әуекомпаниясы мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуекомпаниясының мәліметінше, Астана-Қостанай бағытындағы рейс 14:15-те ұшып шыққан.

"2024 жылдың 19 наурызында Астана-Қостанай бағытындағы KС7341 рейсі Қостанайға ұшып бара жатып, өндірістік себептермен Астана әуежайына оралды", - делінген FlyArystan әуе компаниясы таратқан хабарламада.

Компанияның баспасөз қызметінің өкілдері жолаушыларға сусын және ыстық тамақ берілгенін, әуекомпаниясының өкілдері әуежайда болып, жолаушыларға барлық қажетті қолдау көрсеткенін айтты.

Еске сала кетсек, осыған ұқсас оқиға 2023 жылдың желтоқсан айының соңында болған еді. Қостанайға ұшқан Qazaq Air ұшағы техникалық ақауларға байланысты Астанаға оралуға мәжбүр болды.

Ал ақпан айында Алматыдан Шымкентке ұшқан FlyArystan ұшағы кері қайтарылып, рейс 12 сағатқа кейінге шегерілген болатын.

Қостанайға бағыт алған ұшақ Астанаға қайтуға мәжбүр болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.