Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қай ауылдар қала мәртебесін алуы мүмкін: министрлік тізімін жариялады

Опубликовано:

Ауыл көрінісі
Ауыл көрінісі. Фотосурет: UGC

Ұлттық экономика министрлігінде Қазақстанда қала мәртебесін алуы мүмкін ауылдардың тізімі жасалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда қала мәртебесін алуы мүмкін ауылдардың тізіміне мыналар кіреді:

  • Қарғалы ауылы (Алматы облысы), халқы – 30 769 адам;
  • Өтеген батыр ауылы (Алматы облысы), халқы – 35 450 адам;
  • Боралдай ауылы (Алматы облысы), халқы – 37 500 адам;
  • Ұзынағаш ауылы (Алматы облысы), халқы – 43 319 адам;
  • Сарыкемер ауылы (Жамбыл облысы), халқы – 32 962 адам;
  • Қордай ауылы (Жамбыл облысы), халқы – 39 279 адам;
  • Жаңақорған ауылы (Қызылорда облысы), халқы – 31 368 адам;
  • Шиелі ауылы (Қызылорда облысы), халқы – 36 745 адам;
  • Әйтеке би ауылы (Қызылорда облысы), халқы – 45 608 адам;
  • Қызылтөбе ауылы (Маңғыстау облысы), халқы – 30 852 адам;
  • Атамекен ауылы (Маңғыстау облысы), халқы – 34 500 адам;
  • Маңғыстау ауылы (Маңғыстау облысы), халқы – 35 604 адам;
  • Басқұдық ауылы (Маңғыстау облысы), халқы – 37 949 адам;
  • Рахат ауылы (Маңғыстау облысы), халқы – 43 731 адам;
  • Бейнеу ауылы (Маңғыстау облысы), халқы – 59 238 адам;
  • Манкент ауылы (Түркістан облысы), халқы – 32 713 адам;
  • Ақсукент ауылы (Түркістан облысы), халқы – 38 102 адам;
  • Қарабұлақ ауылы (Түркістан облысы), халқы – 53 093 адам.

Еске сала кетейік, Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, Қазақстанда 6256 ауылдық елді мекен бар, оларда 7,6 миллион адам тұрады, бұл ел халқының 38,4 пайызын құрайды. Оның сөзінше, ол ауылдарға қала мәртебесін беру жұмыстары жүргізіліп жатыр, әзірге нақты шешім қабылданбаған.

Сонымен қатар министрлер кабинетінде өткен брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов қай қалалардың өз мәртебесін жоғалту мүмкін екенін айтқан еді.

Айта кетелік, бұған дейін бірнеше қазақ ауылдары қалаға айналып үлгерді.

Мысалы, 2020 жылдың қаңтарында Қостанай облысында жаңа Тобыл қаласы пайда болды.

2021 жылдың жазында Ақмола облысындағы Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала атанды.

2022 жылдың мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы Қапшағай қаласын Қонаев қаласы (бүгінде облыстың әкімшілік орталығы) деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.

Ал осы жылдың қаңтарында Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылып, атауы Алатау қаласы болып өзгертілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2071014-qazaqstanda-qandai-auyldar-qala-martebesin-aluy-mumkin-ministrlik-tizimin-zariyalady/

pixel