Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ең бақытты елдер рейтингінде Қазақстан нешінші орынға тұрақтанғаны белгілі болды

Опубликовано:

Құшағын кең ашып тұрған әйел
Әйел. Көрнекі фото: pixabay.com

Бақыт туралы жыл сайынғы жаһандық есеп жарияланды. Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдердің рейтингінде тағы да төменге сырғыды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан бұл рейтингте биыл 44-орыннан 49-орынға түсіп қалған.

"Бақыттылар тізімін" Солтүстк Еуропа елдері бастап тұр. Бірінші орында Финляндия, Дания мен Исландия да үздік үштікке енген. Скандинавия елдері, есепте атап өтілгендей, бұл рейтингте дәстүрлі түрде көш басында тұр.

Айта кету керек, ТМД елдері арасында Өзбекстан 47-орынға тұрақтап, Қазақстаннан екі саты жоғары тұр. ТМД-ға мүше қалған елдер төменірек орындарға жайқасқан, мысалы, Ресейге 72-орын бұйырған.

Рейтингте АҚШ 8 сатыға төмендеп, Израиль 5-орынға көтерілген.

Еске сала кетейік, әлемдегі ең бақытты елдердің 2022 жылғы рейтингінде Қазақстан 40-орынды иеленген еді. Сол жылы да рейтингте Финляндия көш бастап тұрды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2071245-en-baqytty-elder-reitinginde-qazaqstan-nesinsi-orynga-turaqtangany-belgili-boldy/

pixel