jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жаңа туған нәрестені тастап кеткенін хабарламағаны үшін медұйымдар мен балалар үйінің қызметкерлері жазалануы мүмкін

Сәбидің аяғы
Сәби. Көрнекі фото: pixabay.com

Жаңа туған нәрестені тастап кеткені туралы хабарламағаны үшін медициналық ұйымдар мен балалар үйінің қызметкерлері әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ мәжілістің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжілістің баспасөз қызметінің мәліметінше, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекске де өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Оған сәйкес, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар балаларды қабылдау фактілері туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органдарына және прокуратураға хабарлауға міндетті болады.

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламаған медициналық ұйымдар мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды тұлғаларына жауапкершілік қарастырылады.

Бұл ретте баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның мұндай істерді қарау құзыреті айқындалады", - делінген хабарламада.

Жаңа туған нәрестені тастап кеткенін хабарламағаны үшін медұйымдар мен балалар үйінің қызметкерлері жазалануы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.