jitsu gif branding logo appbranding logo app

Желіде Алматыдағы балабақшада түсірілген егеуқұйрықтардың видеосы тарады

Балабақшадағы егеуқұйрықтар
Балабақша іші. Видеодан кадр: instagram/saulebikiteeva

Желіде Алматыдағы балабақшалардың бірінде екі егеуқұйрықтың жүргені түсірілген видео таралып жатыр. Қалалық білім басқармасы видеоға қатысты жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісінде жарияланған видеода екі егеуқұйрық түсірілген. Кадрларда олардың бірі кереуеттің артына, екіншісі сол кереуеттің астына жайғасқаны көрсетілген. Видеода Алматыдағы балабақшада түсірілгені айтылады.

Алматы әкімдігінің Білім басқармасы видеоға қатысты NUR.KZ тілшісіне жауап берді. Егеуқұйрықтардың №110 бөбекжайдан табылғаны белгілі болды.

"Түскен арыз-шағымдарға байланысты 16 наурызда балабақшада дезинфекция және дератизация шаралары жүргізілді.

Білім басқармасы балабақша қызметін бақылау үшін комиссия құрды, оның қорытындысы бойынша балабақша әкімшілігіне тиісті шаралар қолданылады", - деді ведомство өкілдері.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.