jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс нұсқасына көшті

полиция қызметкерлері
Полиция қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мерекелік демалыс күндері Қазақстанда 22 мыңнан астам полицей мен Ұлттық ұлан қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырылады. Бұл туралы Polisia.kz Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Наурыз мейрамын тойлау кезінде еліміздің тәртіп сақшылары қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті.

"Республика бойынша 22 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қызметке кірісті.

Сонымен қатар жедел басқару орталықтарының бейнебақылау жүйесі арқылы мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарда бақылау күшейтілді", - делінген хабарда.

Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтіліп жатқанын мәлімдеді.

Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс нұсқасына көшті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.