Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұйқы жоқ, тамақ батпайды": жоғалып кеткен павлодарлықтың анасы ұлына видеоүндеу жасады

Опубликовано:

Жоғалған павлодарлықтың анасы
Жоғалған павлодарлықтың анасы. Фото: instagram.com/poiskoviki_pavlodara_vita

Павлодарда 13 наурызда жоғалып кеткен 29 жастағы фармацевт Азамат Исмурзиновтың анасы ұлынан үйіне қайтуды сұрап, видеоүндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды

Бейнеүндеу еріктілердің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Азамат, балам, өтініп сұраймын, мені тыңдашы, үйге кел. Мәселенің бәрі шешіледі. Біз бәрін шешеміз, бәрін жасаймыз. Мазалаған жаман ойлардан арыл. Үйге қайтшы, я болмаса сенде бәрі жақсы екенін білдіріп бір хабар берші, балам. Түсінші мені, жаның ауырып, жүрегің сыздап жатыр ма, білемін, бірақ мен де жанымды қоярға жеп таппай отырмын.

Мен сенсіз өмір сүре алмаймын, ұйқы да жоқ, тамақ батпайды. Маған хабар берші. Балам, үйге қайт, мен сені күтемін, бәріміз сені күтеміз. Түсінесің бе, саған ана ғана көмектесе алады, ана бұл сөзде бәрі бар, ұлым. Мен сені күтемін, үйіңе оралшы", – деп видеоүндеу жолдады көзіне жас алған павлодарлық әйел.

Еріктілер із-түзсіз жоғалған адам туралы қандай да бір мәлімет білетіндерді +7 747 615 55 63 (Катерина) нөміріне хабарласуға шақырды. Сондай-ақ 102 нөміріне хабарласуға болатынын еске салды.

Еске сала кетейік, құқық қорғау органдарына 16 наурызда павлодарлық 29 жастағы фармацевттің жоғалып кеткені туралы хабар келіп түскен. Олардың айтуынша, Азамат Исмурзинов 13 наурызда үйінен шығып кеткенде, өзімен бірге тек рюкзак пен ноутбук алып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2071638-uiqy-zoq-tamaq-batpaidy-zogalyp-ketken-pavlodarlyqtyn-anasy-ulyna-videoundeu-zasady/

pixel