Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пластикалық хирургтан шаштаразға дейін": СІМ өкілі шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтар туралы айтты

Опубликовано:

Оңтүстік Корея
Оңтүстік Корея. Тұрғындар. Фото: Хабар 24

20 наурызда өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров өзге елдерде жұмыс істеп, тұрып жатқан қазақстандықтар туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан азаматтары конституцияға сәйкес қайда тұрып, жұмыс істейтінін өзі шешуге құқылы екенін еске салды.

"Шетелде жұмыс істейсің немесе істемейсің деп ешкім айта алмайды. Бұл – әркімнің өз еркі. Бірақ шетелде жүрген қазақстандықтардың көбі қиналады деген жаңсақ пікір бар. Шетелде заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтардың келеңсіз оқиғаларын естігендер солай ойлайды. Бұл шындыққа жанаспайды. Өйткені көптеген қазақстандық шетелде жақсы жұмыс істейді .Олардың жалақысы жақсы, тәжірибесі мол, интеллектісі жоғары", – деді ол.

Смадияров Оңтүстік Кореяда 20 мыңнан астам қазақстандық заңды түрде жұмыс істейтін айтты.

"Оңтүстік Кореяда 8-9 мың адам заңсыз жұмыс істейтін болса, заңды түрде жұмыс істейтіндердің саны 20 мыңнан асады. Пластикалық хирургтан шаштаразға дейін. Бұдан ұялудың қажеті жоқ. Керісінше біз мұны мақтан тұтуымыз керек, білімді азаматтарымыз шетелде де өз орнын таба алады", – деп түйіндеді сөзін ол.

Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Оңтүстік Кореяның Employment permit System жүйесіне қосылуы мүмкін екенін, оның арқасында қазақстандықтар бұл елде заңды түрде жұмысқа тұра алатынын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2071674-plastikalyq-xirurgtan-sastarazga-deiin-sim-okili-setelde-zumys-isteitin-qazaqstandyqtar-turaly-aitty/

pixel