Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында су тасқынынан үш ауылда көлік қатынасы тоқтады

Жарияланған күні:

өзен
Өзен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтөбе облысының Байғанин ауданына қарасты Оймауыт, Миялы, Дияр ауылдарында үш күннен бері қатынас жоқ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақтөбе облысында су тасқынына байланысты жағдай күрделі. 1500-ден аса тұрғыны бар үш елді мекенде байланыс үзілген. Аудандық әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, ауылдарда азық-түлік қоры жеткілікті.

"Жаңажол ауылдық округінің Оймауыт, Миялы, Дияр ауылдарында 10 күнге жеткілікті азық-түлік қоры бар. Оймауыт ауылында амбулатория, Миялы, Дияр ауылдарында медпункттер жұмыс істеп тұр, жедел-жәрдем көмегіне мұқтаж адамдар жоқ", - деп хабарлады Байғанин ауданы әкімдігінің өкілдері.

Ақтөбе облысы ТЖД қызметінің мәліметінше, ағын су тасжолдарды да шайып кеткен. Ақтөбе облысының аумағында су тасқыны басталғалы бері Шалқар ауданының "Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз" республикалық маңызы бар автожолы және Мұғалжар ауданының "Қожасай - Жаңажол" жергілікті маңызы бар жолын да су шайып кеткен.

"Бұдан бөлек екі жағдай орын алды. Біріншісі Байғанин ауданының "Қарауылкелді - Алтай батыр - Миялы" жергілікті маңызы бар автожолының 63 шақырымында су өткізу құрылғысының шайылуы. Соның салдарынан Оймауыт, Дияр және Миялы елді мекендері мен аудан орталығы арасындағы жол қатынасы үзілді. Сондай-ақ Ойыл ауданындағы "Амангелді - Көптоғай" жолы, салдарынан барлық еріген су Көптоғай ауылы арқылы өтіп, тұрғын үйлерге су басу қаупін тудырды. Алайда ешбір үйді су баспады", - дейді Ақтөбе облысы ТЖД қызметінің өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2073129-aqtobe-oblysynda-su-tasqynynan-us-auylda-zol-qatynasy-uzildi/