Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір сарбаздың басынан орындықпен ұрған": Ақтауда әскери қызметші сот алдына келді

Опубликовано:

Сарбаз
Сарбаздың аяқ киімі. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтаудағы әскери бөлімнің командирі сот алдына келді. Жәбірленушілер – бес жедел қызмет сарбазы, алайда олар айыпталушыны кешіріп, татуласқан, деп хабарлайды "Диапазон" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, сот алдына келген Ақтаудағы әскери бөлімнің командирі билікті асыра пайдаланды деп айыпталған. Мұндай жағдай бірнеше рет болған.

"Ол әскерге жаңадан шақырылғандардың жеке құрамын жасақтап, олардың біреуін басынан "дубинкамен" ұрған және өзінің тегін сұраған. Жас сарбаз оның тегін қате айтқаны үшін командирінен тағы бірнеше соққы алған. Тағы бірнеше сарбаз да дәл осындай соққы алған", - деп хабарлайды портал.

Тағы бірде айыпталушы сапқа тұруға кешігіп келгені үшін сарбаздардың бірін жұдырықпен ұрып жіберген. Кейін сол сарбаздың басынан орындықпен бірнеше рет ұрып, аяғымен және жұдырығымен төмпештеуін жалғастырған. Басылымның мәліметінше, мұндай агрессияға қатардағы жауынгердің оқу сабақтарында бейәдеп сөз айтуы себеп болған-мыс.

Бұдан бөлек айыпталушы полигонда тағы бір сарбазды ұрып, тісінің бір бөлігін сындырып жіберген.

Тергеу бойынша бес әскери қызметкер жәбірленуші деп танылған, бірақ олар айыпталушыны кешіріп, тараптардың татуласқаны туралы арыз жазған. Ал командирдің өз кінәсін мойындап, татуласуға келіскен.

Осыған байланысты Ақтөбе гарнизонының әскери соты қылмыстық істі тоқтатқан, қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

ҚР ҚК 451-бабына сәйкес, билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану, яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiктерiнің шегiнен анық шығатын, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соққан әрекеттер жасауы. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адамға:

  • 5000 АЕК-ке (18,4 млн) дейінгі мөлшерде айыппұл салу;
  • не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазасы қарастырылған. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2073150-sarbazdardy-urgan-aqtauda-askeri-qyzmetsi-sot-aldyna-keldi/

pixel