jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматы әкімдігі өкілдері қалада жылу қашан өшірілетінін айтты

Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pexels.com

Алматыда қазіргі уақытта ауа температурасы 20 градус жылы болып тұр. Қала әкімдігі өкілдері мегаполисте жылу беру қашан тоқтатылатынын айтты, деп хабарлайды.KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Алматы қаласында жылу беру маусымына дайындық және өткізу қағидаларына сәйкес, уәкілетті органның қаулысы бойынша орташа тәуліктік ауа температурасы ұзақ уақыт бойы +8 градустан жоғары болған жағдайда жылу беру маусымы аяқталады. Қаулы шыққаннан кейін жылу беру тоқтатылады", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Қала әкімдігіндегілер жылуды өшірудің нақты белгіленген күні жоқ деп атап өтті.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарында наурызда көктемнің жылылығы сезіледі, бірақ жауын-шашын жиі жауады.

Мегаполисте ауа температурасы түнде 0...-10 градустан +3...+8 градусқа дейін, күндіз 0...+10 градустан +10...+18 градусқа дейін өзгереді деп күтіледі.

Алматы әкімдігі өкілдері қалада жылу қашан өшірілетінін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.