Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарбаздың басынан орындықпен ұрған: Қорғаныс министрлігі взвод командирінің ісіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Сапта тұрған әскери қызметші
Әскери қызметші. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызметін асыра пайдаланған взвод командирі Қарулы күштердің қатарынан босатылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылғы тамыз айында Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде взвод командирінің мерзімді әскери қызметшілерге қатысты өз қызметін асыра пайдаланғаны белгілі болған.

Аталған факт бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп, Ақтөбе гарнизоны әскери сотының шешімімен тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылды.

"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 26-бабы 2-тармағына сәйкес сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін әскери қызметші теріс себептермен Қарулы күштердің қатарынан босатылады", - делінген хабарламада.

Ведомстводағылар құқы бұзушылықтардың алдын алу, әскери ортадағы жарғыға қарсы қатынастарды анықтап, олардың жолын кесу мәселелері Қарулы күштер басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтаудағы әскери бөлімнің командирі сот алдына келгенін жазған едік. Ол билікті асыра пайдаланды деп айыпталған. Мұндай жағдай бірнеше рет болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2073591-sarbazdyn-basyn-oryndyqpen-urgan-qorganys-ministrligi-vzvod-komandirinin-isine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel