Оралда бірнеше сағатқа ауыз су беруде шектеулер енгізілді
Жарияланған күні:
"Батыс су арнасы" кәсіпорны Орал қаласының тұрғындарына ауыз су берудегі шектеулер туралы ескертті. Оған еріген судың кәріз құбырларын басып қалуы себеп болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Батыс су арнасы" кәсіпорны Instagram желісіндегі парақшасында 23:00-ден 05:00-ге дейін қалада су беру шектелетінін ескертіп, азаматтарға үндеу жариялады.
"Кәрізге түсетін еріген судың үлкен көлемінен кәріздік сорғы станцияларын су басып жатыр.
Кәріздік сорғы станциясының апатты тоқтап қалуын және оған жақын орналасқан ғимараттар мен аумақтарды су басуының алдын алу мақсатында 26 наурызда сағат 23:00-ден бастап қаланың барлық аумағында су құбыры желілеріндегі қысым төмендейді, қаланың кейбір аудандарында толықтай өшірілуі мүмкін.
Су берудің болжамды уақыты 27 наурыз күні сағат 05:00. Қала тұрғындарынан қажетті сумен қамтамасыз етуді сұраймыз", – делінген мекеменің хабарламасында.
Алайда "Батыс су арнасы" шектеулердің бір рет немесе күн сайын енгізілетінін нақтыламады.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың наурыз айында Орал қаласының тұрғындары осындай мәселеге тап болған. Ол кезде "Батыс су арнасы" ЖШС өкілдері қалалық кәріз коллекторларының еріген суға толып кетуіне байланысты елдімекендерді су басып қалу қаупі бар екенін хабарлаған еді.
Бұған жол бермеу үшін қалада ауыз су кесте бойынша күніне үш рет беріле бастады:
- 7:00-ден 9:00-ге дейін;
- 12:00-ден 14:00-ге дейін;
- 18:00-ден 20:00-ге дейін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2073804-oralda-birnese-sagatqa-auyz-su-berude-sekteuler-engizildi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.