Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халық үрейленіп отыр": Қостанай облысында ауыл тұрғындарының үйін су басты (видео)

Жарияланған күні:

Амангелді ауылындағы үйлерді су басты
Амангелді ауылындағы үйлерді су басты: tobolinfo.kz

Қостанай облысының оңтүстігіндегі Амангелді ауылының тұрғындары үйін су басқанын айтып дабыл қағуда. Жергілікті билік суды сору жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

Аймақтық "ТоболИнфо" басылымының хабарлауынша, 26 наурызда Амангелді ауылында су тасқыны салдарынан қиын жағдай туындаған. Жергілікті тұрғындар суды соруға жұмылдырылған ТЖД күштері жеткіліксіз екенін айтып дабыл қаққан. Адамдар үй жануарларына ғана емес, өздеріне де қауіп төнді дейді.

"Халық үрейленіп отыр! Билік су тасқынына төтеп бере алмай жатыр! Орталық көшелердің бірі –Сейфуллин көшесі су астында қалды. Мұнда екі мектеп бар", – дейді жергілікті тұрғындар.

Жергілікті ақпараттық штаб өкілдерінің хабарлауынша, Амангелді ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар барысында еріген суды сору жұмыстары жүргізіліп, 880 тоннадан астам шлак пен 120 тонна топырақ пайдаланылған, 300-ден астам қап төселіп, тұрғын үйлердің ауласына инертті материал құйылды.

"26 наурыздағы сағат 00:00-дегі жағдай бойынша Амангелді ауылында Сейфуллин көшесіндегі 9 екі пәтерлі және 3 бір пәтерлі тұрғын үйлердің аула аумақтарын су басты. Қазір тұрғындар су астында қалды. Олар эвакуациядан бас тартты.

Интернатта тұрғындарды эвакуациялауға қажетті 45 төсек-орын бар. Қазіргі уақытта 560 тонна шлак және 50 тонна топырақ көлеміндегі инертті материалдар толтырылуда. Сейфуллин көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйлердің аумағынан еріген су сорылып жатыр", – деп хабарлады штабтан.

Облыстық ТЖД Қостанай облысында 2024 жылғы 25 наурыздан 26 наурызға қараған түні метеорологиялық жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты Қостанай облысына жедел құтқару жұмыстарына көмек көрсету үшін Қызылорда облысының ТЖД күштері мен құралдары және Қарағандының № 52859 әскери бөлімі жіберілгенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2073894-xalyq-ureilenip-otyr-qostanai-oblysynda-auyl-turgyndarynyn-uiin-su-basty-video/