Ақтөбе әуежайы уақытша жабылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАқтөбе әуежайы ұшу-қону жолағын тазалау жұмыстарына байланысты таңғы сағат 06.30-дан кешкі сағат 17.00-ге дейін жабылды. Әуежайда ұшақтарды қабылдау және ұшақтардың ұшып шығуы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Әуежайдың жабылуына байланысты мына рейстер кейінге қалдырылды:
- SCAT/DV496/ Стамбұл - Ақтөбе;
- SCAT/DV1722/ Ақтөбе - Астана;
- FLYARYSTAN/KC7191/ Алматы - Ақтөбе;
- FLYARYSTAN/KC7192/ Ақтөбе - Алматы;
- QAZAQ AIR/IQ399/ Астана - Ақтөбе;
- QAZAQ AIR/IQ395/ Ақтөбе - Атырау;
- QAZAQ AIR/IQ396/ Атырау - Ақтөбе;
- QAZAQ AIR/IQ400/ Ақтөбе - Астана;
- AIR ASTANA/KC863/ Алматы - Ақтөбе;
- AIR ASTANA/KC864/ Ақтөбе - Алматы;
- SCAT/DV5263/ Шарм-эль-Шейх - Ақтөбе;
- SCAT/DV5264/ Ақтөбе - Шарм-эль-Шейх;
- SCAT/DV721/ Астана - Ақтөбе;
- SCAT/DV722/ Ақтөбе - Астана.
"Рейстер кестесі туралы ақпаратты әуежайдың немесе әуекомпаниясының анықтама қызметтерінен нақтылауды сұраймыз", - деп хабарлады Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметінің өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін ТЖМ Ақтөбе облысы Қанай аулының тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.
Сонымен қатар төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов Ақтөбе облысындағы жағдайды бақылау үшін өңірге арнайы барған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074134-aqtobe-auezaiy-erigen-qar-suy-tasqynyna-bailanysty-zabyldy/