Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе әуежайы уақытша жабылды

Опубликовано:

Ақтөбе әуежайы
Ақтөбе әуежайы. Фото: Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі

Ақтөбе әуежайы ұшу-қону жолағын тазалау жұмыстарына байланысты таңғы сағат 06.30-дан кешкі сағат 17.00-ге дейін жабылды. Әуежайда ұшақтарды қабылдау және ұшақтардың ұшып шығуы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әуежайдың жабылуына байланысты мына рейстер кейінге қалдырылды:

  • SCAT/DV496/ Стамбұл - Ақтөбе;
  • SCAT/DV1722/ Ақтөбе - Астана;
  • FLYARYSTAN/KC7191/ Алматы - Ақтөбе;
  • FLYARYSTAN/KC7192/ Ақтөбе - Алматы;
  • QAZAQ AIR/IQ399/ Астана - Ақтөбе;
  • QAZAQ AIR/IQ395/ Ақтөбе - Атырау;
  • QAZAQ AIR/IQ396/ Атырау - Ақтөбе;
  • QAZAQ AIR/IQ400/ Ақтөбе - Астана;
  • AIR ASTANA/KC863/ Алматы - Ақтөбе;
  • AIR ASTANA/KC864/ Ақтөбе - Алматы;
  • SCAT/DV5263/ Шарм-эль-Шейх - Ақтөбе;
  • SCAT/DV5264/ Ақтөбе - Шарм-эль-Шейх;
  • SCAT/DV721/ Астана - Ақтөбе;
  • SCAT/DV722/ Ақтөбе - Астана.

"Рейстер кестесі туралы ақпаратты әуежайдың немесе әуекомпаниясының анықтама қызметтерінен нақтылауды сұраймыз", - деп хабарлады Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметінің өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін ТЖМ Ақтөбе облысы Қанай аулының тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.

Сонымен қатар төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов Ақтөбе облысындағы жағдайды бақылау үшін өңірге арнайы барған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074134-aqtobe-auezaiy-erigen-qar-suy-tasqynyna-bailanysty-zabyldy/

pixel