Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында екі ай бұрын жоғалған балықшының денесі табылды

Опубликовано:

Балықшы
Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысында қаңтарда балық аулауға шыққан екі балықшы жоғалып кеткен болатын. Олардың бірінің денесі ақпан айында дронның көмегімен табылған еді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Арна мәліметіне сүйенсек, марқұмның денесін ауыл тұрғындары жағадан тауып алған.

Құтқарушылардың айтуынша, 37 жастағы балықшының денесі толқыннан жағаға шығып қалған. Ал екінші балықшының денесі бір ай бұрын дронның көмегімен табылған. Құтқарушылар ақпан айының аяғында іздеуді тоқтатуға мәжбүр болды. Өйткені айдынның бетін қалың мұз басып қалған.

"Жергілікті тұрғындар екінші балықшының денесін тауып алып, судан шығарды. Бұл балықшыларды құтқару 10 -19 ақпан аралығында жүрген. Және қалыптастасқан мұзға қарай іздеу аяқталған болатын. Қазіргі медициналық сараптама жүргізіліп жатыр", – деді Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті басқарма бастығы Жалғас Әбдуәлиев.

Еске салайық, 11 қаңтар күні ауылдың екі азаматы балық аулауға Билікөлге барған. Сол сәтте қатты жел соғып, қос балықшы із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Ақпан айында бір балықшының денесін құтқарушылар дронның көмегімен тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074383-zambyl-oblysynda-eki-ai-buryn-zogalgan-balyqsynyn-denesi-tabyldy/

pixel