Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында құтқарушылар суға батып кеткен балықшының денесін тапты (фото)

Опубликовано:

Құтқарушы суға батып кеткен адамды іздеп жатыр
Құтқарушы. Көрнекі фото: instagram.com/tjm_mchs

Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары Билікөл көлінде Қарабастау ауылының тұрғындарын іздеп жатыр. Суға батып кеткен бір адамның денесі табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство таратқан ақпарат бойынша, 10 ақпанда дронның көмегімен қамыстардың арасынан жоғалған адамдардың бірінің денесі табылып, жағаға шығарылды. Екінші адамды іздеу жалғасуда. Билікөл көлінде Жамбыл облысы ТЖД құтқарушылары Қарабастау ауылының тұрғындарын іздеуді қайта бастады.  Құтқарушылар әуесқой балықшыларды 10 күн бойы іздеді, алайда 21 қаңтарда ауа райына байланысты іздеу жұмысы тоқтатылған еді.

Айта кетейік, жақында Қарағанды облысында балықшы көлігімен бірге суға батып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2060578-zambyl-oblysynda-qutqarusylar-suga-batyp-ketken-balyqsynyn-denesin-tapty-foto/

pixel