Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Ақтөбедегі су тасқыны туралы жалған ақпарат тарады: әкімдік өкілдері тұрғындарға үндеу жасады

Опубликовано:

Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері су тасқынына қарсы жұмыс жүргізіп жатыр
Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы жұмыстар. Фото: t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері өңірде болып жатқан су тасқынына қатысты желіде жалған ақпараттың таралуына байланысты облыс тұрғындарына үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

Облыс әкімдігінің ресми Telegram-арнасындағы мәліметке сүйенсек, WhatsApp мессенджеріндегі чаттарда "Ақтөбе су қоймасын ашады, қауіптен сақтаныңдар, су басады" деген аудиожазба тараған.

"Бұл аудиожазба жалған ақпарат екенін хабарлаймыз. Бүгінгі күні Ақтөбе су қоймасында қажетті су қоры жиналған жоқ, 68 пайыз ғана.

Сондықтан барша ақтөбелікті сабыр сақтап, осындай үрейлі хабарламаларға емес, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Кейінірек арнада фейк ақпарат туралы тағы бір жазба пайда болды. Атап айтқанда, мессенджерлерде қалада су беру тоқтатылады деген ақпарат тараған.

Әкімдік бұл ақпаратты да жоққа шығарды. Желіде жалған ақпаратты таралуына байланысты "Aqtobe su-energy group" АҚ да мәлімдеме жасады. Олар сумен жабдықтау тұрақты және үздіксіз жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

"Мессенджерлерде таратылып жатырған жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз. Сенімді ақпарат алу үшін тек ресми дереккөздерге хабарласыңыз.

"Aqtobe su-energy group" АҚ мамандары сумен жабдықтау жүйелерінің жай-күйін мұқият қадағалайды және біздің барлық нысанымыздың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салады. Біз сондай-ақ туындаған кез келген проблемаларға жедел ден қоюға және абоненттерімізге сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге дайынбыз", - деді компания өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074458-zelide-aqtobedegi-su-tasqyny-turaly-zalgan-aqparat-tarady-akimdik-okilderi-turgyndarga-undeu-zasady/

pixel