Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көшенің ортасында қару ұстап жүрген ер адам 15 тәулікке қамалды

Опубликовано:

Қару ұстаған адам
Қару ұстаған адам. Видеодан кадр: instagram.com/taldykorgan_today

Алматыда көшенің ортасында қару ұстап жүрген ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Бұл туралы Алматы соттарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көшенің ортасында қару ұстап жүрген ер адамды 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарған.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде алматылық әйелдің қала орталығында түсірген видеосы тараған болатын. Жарияланған видеода ер адамдардың бірі оқиға орнынан келіп жеткен полиция қызметкеріне қаруды беріп жатқанын байқауға болады.

Алматы соттарының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 наурызда болған. Дәмхана жанынан өтіп бара жатқандар азамат А.-ның қару ұстап тұрғанын көрген.

"Ол қаруды алып тастау туралы ескертуді елемеген. Сонымен қатар бейәдеп сөздер айтып, өзгелерге сыйластық танытпаған, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған", - делінген хабарламада.

Сотта азамат А. өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан.

Сот қаулысымен ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабын 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074743-almatyda-kosenin-ortasynda-qaru-ustap-zurgen-er-adam-15-taulikke-qamaldy/

pixel