Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ауа райының қолайсыздығы: қалада 10 балдық көлік кептелісі тіркелді

Опубликовано:

Көліктер
Көлік кептелісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда 10 балдық көлік кептелісі тіркелді. Оған себеп қалада ауа райының күрт нашарлауы болды. Жел күшейіп, найзағай ойнады және нөсер жаңбыр жауды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"2 ГИС" ақпараты бойынша, қазір Алматыда 10 балға дейінгі кептеліс пайда болды. Кептелістер қала орталығында да, оның шет жақ аймақтарында да тіркелді.

"Алматы, не істеп жатырсың?", "Барлығы жаңбырдан қорқып кетті ме?", "Айнала қып-қызыл", деп пікір қалдырды жүргізушілер.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін кешке шаңды дауыл оңтүстік астананы басып қалған болатын. Алматылықтар ауа райының қолайсыздығын түсіріп,әлеуметтік желіде бөлісті.

Қалада жел күшейіп, найзағай ойнап, жаңбыр жауды. Оңтүстік астананың кейбір тұрғындары электр қуатының үзілгенін хабарлады.

Сондай-ақ өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды: синоптиктер желдің күрт күшейетінін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074998-almatydagy-aua-raiynyn-qolaisyzdygy-qalada-10-baldyq-keptelis-tirkeldi/

pixel