Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігетінін ескертті

Опубликовано:

Алматы Халықаралық әуежайы
Алматы әуежайы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы халықаралық әуежайы қолайсыз ауа райына байланысты рейстердің кешігуі туралы ескертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әуе айлағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты: жаңбыр жауып, найзағай, ойнап, екпінді желдің 30 м/с-қа дейін күшеюі себебінен рейстердің кешігуі байқалады. Жолаушылардан түсіністікпен қарауларын сұраймыз. Әуежайдың барлық қызметі 24/7 күшейтілген режимде жұмыс істейді", – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 28 наурыз күні кешке Алматыда ауа райы күрт бұзылды: аспанды бұлт торлап, жел күшейіп, қаланы шаңды дауыл басты. Содан кейін күн күркіреп, қатты жаңбыр жауды.

Сондай-ақ ауа райы қолайсыздықтарына байланысты ТЖД қызметтің күшейтілген түріне ауыстырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2075010-almaty-auezaiy-aua-raiynyn-qolaisyzdygyna-bailanysty-reisterdin-kesigetinin-eskertti/

pixel