Қуандық Бишімбаев ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды (онлайн-трансляция)
Жарияланған күні:
Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып жатқан бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бұған дейін Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы 2024 жылғы 29 наурызда сағат 10.00-де өтеді деп хабарланған еді.
Сот отырысы елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық режимде өтіп жатыр. Онлайн-трансляцияны кез келген адам көре алады.
Айта кетейік, 27 наурызда Астанада алқабилердің қатысуымен Қуандық Бишімбаев ісі бойынша ашық режимде басты сот отырысы болды. Сот отырысын онлайн-трансляция арқылы кез келген адамға көруге мүмкіндік берілді.
Басты сот отырысында прокурор Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні не жағдай болғанын баяндады.
Сондай-ақ Қуандық Бишімбаев тағылған айыппен келіспейтінін, кінәсін мойындамайтынын тағы да мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2075181-quandyq-bisimbaev-isi-boiynsa-sot-otyrysy-bastaldy-onlain-translyaciya/