Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев ісі бойынша келесі сот отырысы қашан және қалай өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

Судья
Судья. Иллюстрациялық фото: KamiPhotos / Getty Images

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты келесі сот отырысы 29 наурызда өтеді. Сондай-ақ алдағы сот отырысы қалай өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгінгі сот отырысында жәбірленушілер келесі сот отырысы дәлелдердің зерттелуінен басталуын, кейін куәгерлерден сосын айыпталушылардан, осыдан кейін ғана жәбірленушілерден жауап алуды сұрады.

Бишімбаевтың қорғаушылары алдымен айыпталушы Бишімбаевтан, одан кейін Байжановтан, сосын жәбірленушілерден, куәгерлерден жауап алуды және іс-материалдарын зерделеуді ұсынды.

Бишімбаевтың өзі айғақ бергісі келетінін айтып, қорғаушыларының ұстанымымен келісетінін мәлімдеді.

Екінші айыпталушының қорғаушылары алдымен куәгерлерден, содан кейін жәбірленушілерден, айыпталушылардан жауап алуды, іс материалдарын зерделеуді ұсынды.

"Сот дәлелдерді зерделеуді келесідей өткізуді қаулы етеді: жәбірленушіден, куәгерлерден, сарапшылардан жауап алу, қылмыстық іс материалдарын зерттеу және айыпталушының айғақ беруі. Айыпталушы кез келген уақытта айғақ беруге құқылы", - деді судья.

Іс бойынша келесі сот отырысы 29 наурызға белгіленді.

Айта кетейік, бүгін, 27 наурызда Астанада алқабилердің қатысуымен Қуандық Бишімбаев ісі бойынша ашық режимде басты сот отырысы басталды. Осылайша, сот отырысын онлайн-трансляция арқылы кез келген адамға көруге мүмкіндік беріліп отыр.

Бүгінгі сот отырысында прокурор Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні не жағдай болғанын баяндады.

Сондай-ақ Қуандық Бишімбаев тағылған айыппен келіспейтінін, кінәсін мойындамайтынын тағы да мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074314-bisimbaev-isi-boiynsa-kelesi-sot-otyrysy-qasan-zane-qalai-otetini-belgili-boldy/

pixel