Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үстелді төңкеріп тастаған": Нүкенованың ағасы Салтанат пен Бишімбаевтың жанжалы туралы айтты

Опубликовано:

Бишімбаев сот залында
Қуандық Бишімбаев сот залында. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада Қуандық Бишімбаев ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр. Сотта Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сөз сөйледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сот отырысында қарындасы мен Қуандық Бишімбаевтың қарым-қатынасы, олардың алғашқы жанжалы туралы баяндады.

Айтбектің айтуынша, Салтанат пен Қуандық арасындағы алғашқы кикілжің желтоқсан айында болған.

"Олардың бірінші жанжалы: Қуандық мейрамхана қызметкерлерімен дөрекі сөйлескен соң, Салтанат оған ескерту жасаған кезде басталған еді", - дейді Айтбек.

Салтанат пен Қуандық арасында тағы бір жанжал жаңа жыл мейрамын тойлаған кезде болған.

"Олар маған жаңа жылды ата-анасымен, бірінші некедегі балаларымен бірге тойлауға ұсыныс айтты. Үстел басында балалар, оның ата-анасы және өзі (Қуандық Бишімбаев – ред.) отырды. Салтанат дастархан дайындады. Сол кезде қатты ашулы екенін байқадым. "Не болды?" деп сұрадым. Ол "Бәрі жақсы, жаным, қазір дастархан жайып, отырамын" деп жауап берді.

31 желтоқсанда кешкі сағат ондар шамасында шақырылмаған туыстары да келді. Бұл айыпталып жатқан Байжанов пен әйелі. Олар сыйлық әкелді. Салтанат оларға да сыйлық бергісі келді. Қуандық Салтанатқа сыйлық беріп қойған еді, тағы бір иіссуды бергісі келген. Салтанат оларға (Байжановтар отбасына – ред. ескертпесі) сол иіссуларды бергісі келді.

Қуандық: "Бұл сыйлықты беруге сенің қандай құқығың бар, мен бердім", – деді. Ата-анасы оған "қой" деп еді. Ол ата-анасына дөрекі жауап берді. Ол әкесіне: "Сен кінәлісің, менің және анамның өмірін құрттың", - деді. Кейін ашуланып пәтерден шығып кеткен", — дейді марқұмның ағасы.

Сол күнгі тағы бір жанжал Бишімбаевтың бірінші некесінен туған балаларына берген сыйлықтарына байланысты болған.

"Шырша астында балаларға арналған сыйлықтар тұрды, үлкендер балаларға ашуға рұқсат берді. Сол кезде Қуандық кірді. Оның рұқсатынсыз сыйлықтары ашылғанын көріп, "Бұл менің сыйлықтарым, сендердің қандай құқықтарың бар" деді.

Мен кетуді жөн санадым (Жаңа жылды тойлауды жалғастыру үшін – ред. ескертпесі). Жылап тұрған Қуандықтың анасы қасыма келіп: "Бізді кешір", – деді. Бәрі жақсы, ренжіген жоқпын дедім.

1 қаңтар күні Салтанатқа телефон соғып, кеше не болғанын, бәрі қалай аяқталғанын сұрадым. Ол Қуандық адамдар дастархан басында отырғанда үстелді ыдыс-аяғыымен қоса төңкеріп жібергенін айтты.

Мен одан қарапайым сыйлықтар үшін осындай бола ма деп сұрадым. Ол: "Иә, болып тұрады деді", – дейді Айтбек Амангелді.

Ағасы сол кезде Салтанат пен Қуандықтың арасында түсінікпеушілікті байқағанын айтты.

"Мен олардың арасындағы қарым-қатынастың дұрыс еместігін сездім. Мен жақын адамдарыма болған жайтты айттым, талқыладық. Жас отбасы ғой назардан тыс қалдырмайық дедім", – дейді марқұмның ағасы.

Айта кетейік, 27 наурызда Астанада алқабилердің қатысуымен Қуандық Бишімбаев ісі бойынша ашық режимде басты сот отырысы болды. Сот отырысын онлайн-трансляция арқылы кез келген адамға көруге мүмкіндік берілді.

Басты сот отырысында прокурор Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні не жағдай болғанын баяндады.

Сондай-ақ Қуандық Бишімбаев тағылған айыппен келіспейтінін, кінәсін мойындамайтынын тағы да мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2075328-usteldi-tonkerip-tastagan-nukenovanyn-agasy-saltanat-pen-bisimbaevtyn-algasqy-zanzaly-turaly-bayandady/

pixel