Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бозымбаев премьер-министр орынбасары ретінде қандай мәселелерге жетекшілік етеді

Опубликовано:

Қанат Бозымбаев
Видеодан кадр: Instagram/alm_obl_akimat

Бүгін 31 наурызда премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған Қанат Бозымбаевтың қандай мәселелерге жетекшілік ететінін Берік Уәли айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік етеді", - деп жазды желі парақшасында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қанат Бозымбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалғаны хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076129-bozymbaev-ministr-orynbasary-retinde-qandai-maselelerge-zeteksilik-etedi/

pixel