Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүк көліктерін су ағызып әкетті": Қарағанды ​облысында су басқан тасжолдағы көліктер шығарылды

Опубликовано:

Ауыр жүк көліктерін шығару
Ауыр жүк көліктерін шығару. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Қарағанды ​​облысындағы тасжолда тасқын судың салдарынан қалып қойған үш ауыр жүк көлігін полицейлер жергілікті тұрғындармен бірге алып шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Қарағанды ​​облысындағы тасжолда төтенше жағдай орын алған болатын: бірнеше тонналық жүк көлігін тасқын су шайып кеткен. Облыстық полиция департаменті ешкімнің зардап шекпегенін, оқиға жолды ашу кезінде болғанын хабарлады.

ІІМ өзінің Telegram-дағы жаңалықтар арнасында Ақсу – Аюлы ауылы маңында үш ауыр жүк көлігін судан шығару операциясын көрсетті. Полицияға жергілікті тұрғындар көмектесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076168-zuk-kolikterin-su-saiyp-ketti-qaragandy-oblysynda-su-basqan-taszoldagy-kolikter-sygaryldy/

pixel