Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да университет жатақханасының жанында жаппай төбелес болды

Опубликовано:

Петропавлдағы жаппай төбелес
Петропавлдағы жаппай төбелес. Видеодан кадр: t.me/skopetro

Петропавлда түнде көпқабатты үйлердің тұсында болған жаппай төбелес камераға түсіп қалды. Облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

skopetro Telegram-арнасының хабарлауынша, оқиға Петропавлдағы жоғары оқу орындарының бірінің жатақханасы маңында болған.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып жатқанын хабарлады. Сондай-ақ төбелес университет жатақханасының маңында болғанын да растады.

"30 наурызда сағат 20:30 шамасында Петропавл қалалық ПБ-не жатақхана маңында екі топқа бөлінген жастардың төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы дереу 17-21 жас аралығындағы жастарды ұстап, полиция ғимаратына жеткізді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтауға және зерттеуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Оның нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", - делінген полиция хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076204-sqo-da-universitet-zataqxanasynyn-zanynda-zappai-tobeles-boldy/

pixel