Қарағанды облысында атыс болып, ер адам жарақат алды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚарағанды облысындағы ауылдардың бірінде бірнеше адам төбелесіп, кейін атыс болды. Салдарынан ер адам оқ жарақатын алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шет ауданы, Ағадыр ауылында атыс болған. Оқиға орнынан түсірілген видео Denski_blog паблигінде жарияланды. Басылым авторының айтуынша, жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Видеодан төбелеске бірнеше ер адам қатысқанын көруге болады.
Видеоға қатысты Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, төбелеске қатысушылар ұсталған.
"31 наурызда Ағадыр ауылындағы емдеу мекемесіне жергілікті тұрғын аяғындағы оқ жарақатымен келген. Полиция "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды. Тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076465-qaragandy-oblysynda-atys-bolyp-er-adam-zaraqat-aldy/