БҚО-да құтқарушыға пышақ жарақатын cалған тұрғын ұсталды
Жарияланған күні:
Полицейлер су тасқынына байланысты өз қызметтік міндеттерін атқарып жүрген төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерін жарақаттаған Казталов ауданы Жалпақтал ауылының тұрғынын ұстады. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлайды.
ІІМ мәліметінше, бүл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқықбұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында су тасқынына қарсы күрес кезінде құтқарушы пышақ жарақатын алғанын хабарлаған едік.
Бүгінгі таңда Орал қаласында және облыстың бес ауданында көктемгі су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған. Жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полиция суды сору және адамдарды құтқару бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр.
Жалпы су тасқынына қарсы жұмыстарға 919 қызметкер мен 132 қызметтік техника жұмылдырылды, оның 700-ден астамы полиция қызметкері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076765-bqo-da-qutqarusyga-pysaq-zaraqatyn-calgan-turgyn-ustaldy/