Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да пышақталған құтқарушының жағдайы белгілі болды

Жарияланған күні:

аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: Universal Images Group via Getty Images

Су тасқынына байланысты қызмет атқарып жүрген ТЖД қызметкері жараланып, ауруханаға түскен болатын. Оның қазіргі жағдайы туралы айтылды, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында су тасқынына қарсы күрес кезінде 26 жастағы құтқарушының пышақ жарақатын алғанын хабарлаған едік.

Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері науқастың қазір Қазталов аудандық ауруханасында жатқанын хабарлады. 31 наурызда сағат 18:00-де медициналық көмек сұрады. Ол арқасынан жарақат алған.

"Қазір науқастың жағдайы орташа ауыр, тұрақты. Қажетті ем қабылдап жатыр", – деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Полиция департаменті күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076968-bqo-da-pysaqtalgan-qutqarusynyn-zagdaiy-belgili-boldy/