Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында тасжолды еріген қар суы шайып жатыр (видео)

Опубликовано:

өзен
Өзен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақмола облысында "Макинск-Ақсу-Торғай" тасжолының 24-шақырымында жол шетінде еріген қар суы шайған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазавтожол" ҰҚ" АҚ Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

2 сәуірде сағат 09:45-те "Макинск-Ақсу-Торғай" тас жолының 24 шақырымында (Сәуле кенті) жол шетінде еріген қар суының тасқыны анықталды.

"Су тасқынның ұзындығы 15 метрге, ал биіктігі 5 см-ге жеткен", - делінген хабарда.

Қазіргі таңда су тасқынының алдын алу, жол белгілерін орнату және сигналды белгішелерді орнату бойынша жұмыстар атқарылып жатыр екен.

"Қозғалысқа шектеу қойылмаған. Аталмыш жұмысқа 6 техника мен 11 адам жұмылдырылды", – компания өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077466-aqmola-oblysynda-taszoldy-erigen-qar-suy-saiyp-zatyr-video/

pixel