Қазақстан сенатының алғашқы төрағасы Өмірбек Байгелді өмірден өтті
Жарияланған күні:

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті. Қаралы хабардың сенаттың баспасөз қызметі Telegram-дағы арнасында хабарлады.
"Бүгін Астана қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті. Қайраткердің қазасына байланысты оның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз", - делінген хабарда.
Қоштасу рәсімі туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.
Өмірбек Байгелді 1939 жылы Жамбыл облысының Қызыл-Октябрь ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын өзі туған колхозда жұмысшы болып бастаған.
1990 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, Жамбыл облысының әкімі, Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметін атқарды.
Өмірбек Байгелді 1996-1999 жылдар аралығында парламент сенатының алғашқы төрағасы болды.
Сондай-ақ сенаттың I, II, III және IV шақырылымдағы депутаты болды. Парламент сенатында 16 жылдан астам қызмет атқарды.
KAZ.NUR.KZ ұжымы Өмірбек Байгелдінің жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2077907-memleket-zane-qogam-qairatkeri-omirbek-baigeldi-dunieden-otti/