Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысының аумағы ұлғаяды

Опубликовано:

Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысы. Көрнекі фото: gov.kz

2024 жылы Маңғыстау облысының шекарасын тағы да кеңейту жоспарлануда. Бұл туралы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Нұржан Қаржаубай мәлімдеді, деп хабарлайды Lada.kz.

Өңір басшысының баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, Маңғыстау облысының шекарасын жоспарлы түрде кеңейту туралы аппарат отырысында айтылған.

Отырыста жер ресурстарын басқару басқармасының басшысы Қаһарман Бағынов пен Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Нұржан Қаржаубай баяндама жасады.

"Каспий теңізінің ені мен сыртқы аумағын және Маңғыстау облысының шекарасын есептеу үшін биыл облыс аумағына жалпы көлемі 1 млн 638 мың гектар жер учаскесін қосу бойынша тиісті шаралар қабылдау тапсырылды", - деді Нұржан Қаржаубай.

Маңғыстау облысында жыл басынан бері пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері анықталған.

Қазіргі таңда Жер ресурстарын басқару басқармасы мен аудан әкімдіктері жер телімдерін қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

"Ақтауда "Жылы жағажай" курорттық аймағы дамуда. Бас жоспар бойынша бұл жерге кіру үшін 37 жол қарастырылған, бірақ оның ешқайсысы салынбаған. Оған себеп - аудан, ауыл әкімдерінің жұмысты дұрыс бақыламауы. Егер жер телімі жалға берілген болса, оның мақсатына сай пайдаланылуын бақылау қажет", - деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Ноғавтың сөзінше, лауазымды тұлғалар жер заңнамасының талаптарын елемейтін болса, жауапкершілікке тартылуы тиіс. Иесіз жер телімі экономикаға зиянын тигізетін олқылық екенін әркім түсінуі керек, деді аймақ басшысы.

"Уәкілетті органдарға жер телімдерін берудің заңдылығын тексеруді тапсырамын. Біз инвесторларға жер қажет болғанымен, жалға берілген жағдайларды кездестірдік. Жер пайдалы болуы мүмкін кезде бос тұрып қалмауы керек. Талаптарға сәйкес Жер кодексінде игерілмей жатқан жерлерді қайтару мәселесімен жүйелі түрде айналысу керек", – деді Маңғыстау облысының әкімі.

Еске салайық, биыл қаңтар айында үкімет Маңғыстау облысының шекарасын, оның ішінде облыстағы Каспий теңізіндегі аумақтық сулардың бастапқы сызығына дейінгі аумақты өзгерткен болатын. Облыс шекарасына кіретін аумақ 722 мың гектарға жуық жерді қамтыды.

Бұған дейін Маңғыстау облысының прокуратурасы Каспий теңізінің жағалауында орналасқан, кадастрлық құны 1,1 млрд теңгені құрайтын пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекетке қайтарған болатын. Бұл жерлер 2007 жылдан бері игерілмей келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078090-mangystau-oblysynyn-aumagy-ulgayady/

pixel