Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
Еліміздің астанасы мен 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
4 сәуірде түнде және таңертең Астанада, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында тұман түседі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында да тұман күтіледі.
04 сәуірде түннің бірінші жартысында Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.
Алматы облысының шығысында, таулы аймақтарында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078474-qazaqstannyn-11-oblysynda-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zariyalandy/