Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адам 20 рет олай құламайды": Нүкенованың туыстары Бишімбаевтың сотта айтқан сөздеріне пікір білдірді

Опубликовано:

Айтбек Амангелді
Айтбек Амангелді. Видеодан кадр: ktk.kz

Бүгін Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Қаза тапқан арудың туыстары күдіктінің сотта берген жауабына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қуандық Бишімбаев қайғылы оқиға орын алған күн жайлы баяндаған сәтте Салтанат Нүкенованың туыстары өзін нашар сезініп, сот отырысы уақытша тоқтатылды.

Сот отырысы аяқталған бойда марқұмның ағасы Айтбек Амангелді журналистермен тілдесіп, айыпталушының сотта айтқан сөздеріне қатысты пікір білдірді.

"Адам 40 рет немесе 20 рет өйтіп тарсылдап құламайды. Мен бұған тіпті не деп айтарымды білмеймін", - деді ол.

Салтанат Нүкенованың әкесі Амангелді Нүкенов те сот отырысы жайлы өз ойын айтты.

"Сот әлі аяқталған жоқ. Біз әділеттілікке сенеміз, сот үкімін күтеміз", - деді марқұмның әкесі.

Дереккөз: КТК.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078492-adam-20-ret-olai-qulamaidy-nukenovanyn-tuystary-bisimbaevtyn-sotta-aitqan-sozderine-pikir-bildirdi/

pixel